«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 77/1, Индустрия және сауда Министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 74 бірлескен бұйрықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайынғы «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаттары: Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік рөлінің арттыру,мемлекеттің инновациялық дамуына қосқан еңбектері мен үлестерін мойындау арқылы өнертапқыштардың имиджін жақсарту, өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестиция тартуға жәрдемдесу, өнертапқыштарды және олардың еңбектерін қоғамның мойындауына мүмкіндік туғызу. Байқау жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген “Шапағат” Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауын өткізу ережесіне” сәйкес өткізіледі. Байқауға 2014 жылы берілген және жарияланған қолданыстағы өнертабысқа берілген инновациялық патент және патенті бар ұлттық патент иелері қатысады. Алдыңғы жылдары берілген және жарияланған инновациялық патенттер мен патенттер қатыса алмайды.
Толығырақ...Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы
Қазақстан Республикасы Әділет министрілігімен 2012 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» құрмет атағын беру ережелерін бекіту туралы» № 446 қаулысына және Қазақстан Республикасы патенттік Заңы 9 бабының 5 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» құрмет атағын беруге конкурсқа қатысу өтінімдері қабылданады.
Конкурсқа қатысу өтінімдері 2014 жылдың бірінші сәуіріне дейін келесі мекен-жайында қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8 үй, 4 Корпус, № 13 кіреберіс.
«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» құрмет атағын беру туралы өтініштері бойынша сұрақтарыңыз болса Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі зияткерлік меншік құқығы департаментінің Өнеркәсіптік меншік басқармасына хабарлауыңызды сұраймыз, байланыс телефондары: М.А.Саданов – Басқарманың жетекшісі, жұмыс телефоны: 8 7172 74-07-73, А.Н.Айтымбетова – Басқарманың сарапшысы, жұмыс телефоны: 8 7172 74-06-22.
"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары
Жаңа мекенжайымыз және телефондар
Құрметті сайт қонактары мен өтінім берушілері!
«ҰЗМИ» РМК-ның орналасқан мекенжайының өзгеруіне байланысты Сіздер төмендегідей телефондар арқылы хабарласа аласыздар.
|
Қабылдау бөлмесі
|
951980, 951994 |
|
Бухгалтерлік есеп және жоспарлау басқармасы
|
951986 |
|
Хат-хабарлар, өтініш иелері және мұрағат жұмысы басқармасы
|
951978 Факс 951975 |
|
Call-центр
|
951991 |
«ҰЗМИ» РМК жаңа мекенжайы:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сол жағалау, Түркістан к-сі, 8/2, «Олимп» Бизнес Орталығы, 13 қабат.
ҚР Әділет министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Экономикалық интеграциялау жаңдайында кейінгі бәсекелесу қабілеті үшін мерзімді тауар таңбаларды тіркеу» тақырыбына онлайн-конференция
2015 жылдың 31 наурызында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында ҚР Әділет министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Экономикалық интеграциялау жаңдайында кейінгі бәсекелесу қабілеті үшін мерзімді тауар таңбаларды тіркеу» тақырыбына онлайн-конференция өтті. Конференцияның жұмысына Әділет министрлігінің, оның аумақтық органдарының, « Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, оның аумақтық филиалдарының, Ұлттық экономика министрлігінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және оның аумақтық өкілдіктерінің өкілдері және ҚР патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Жанна Сююмбаева ашты және жүргізіді.
«ҰЗМИ» РМК бас сарапшысы Әсемгүл Әбенова «Кәсіпкерлікте тауар таңбаларды тіркеудің рөлі» тақырыбына, «ҰЗМИ» РМК Басқармасының басшысы Әсемгүл Қазиева «Мадрид жүйесі – таңбаларды тіркеу мәселелерін шешімі және оларды басқару» тақырыбына, Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалы басқармасының басшысы Жанна Омарбекова «ЕАЭО тауарлар мен қызмет өңдірушілердің тауар таңбаларын қорғау саласында Еуразиялық экономикалық интеграциялаудың оң талаптары» тақырыбына, Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалының бас сарапшысы Татьяна Горбунова «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауы қандай уәкілетті органымен реттеледі, атап айтқанда ЕАЭО шеңберінде тауар таңбаларды, оның міндеттері» тақырыбына баянамамаларды жасады. Қатысушылар баяндамаларды талықалады, сұрақтар қойып толық жауаптар алған.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.М. Имашевтың ҚР патенттік сенім білдірілген өкілдерімен кездесу
2015 жылдың 30 наурызында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалында зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.М. Имашевтың ҚР патенттік сенім білдірілген өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының директоры Қ.О. Батаева, «Бюро Плис» ЖШС директоры, патенттік сенім білдірілген өкілі В.А. Ляджин, Зияткерлік меншік иелерінің қауымдастығының президенті, патенттік сенім білдірілген өкілі Б.С. Құрманғали, «Бейкер и Маккензи» компаниясының аға заңгері, патенттік сенім білдірілген өкілі Ёрш А.Н. сөз сөйледі.
Сөз сөйлегеннен кейін кездесудің қатысушылары зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау, Қазақстанның патенттік жүйесін жетілдіру мәселелерін, сонымен қатар зияткерлік меншік объекттеріне құқықтарының тауысылу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылады.
Тағы мақалалар...
Соңғы жаңалықтар
Жаңа мекенжайымыз және телефондар
Құрметті сайт қонактары мен өтінім берушілері! «ҰЗМИ» РМК-ның орналасқан мекенжайының өзгеруіне байланысты Сіздер төмендегідей телефондар арқылы хабарласа аласыздар. Қабылдау бөлмесі ...
ҚР Әділет министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Экономикалық интеграциялау жаңдайында кейінгі бәсекелесу қабілеті үшін мерзімді тауар таңбаларды тіркеу» тақырыбына онлайн-конференция
2015 жылдың 31 наурызында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында ҚР Әділет министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Экономикалық интеграциялау жаңдайында кейінгі...
Танымал жаңалықтар
Құрметті сайт келушілері!
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті 2013 жылғы 04 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі № 84 Қаулысының негізінде Қазақстан...
Заседание аттестационной комиссии
Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2013 жылғы 27 ақпандағы «Патенттік сенім білдірілген өкілдерін аттестаттау бойынша аттестаттау комиссияның құрамын бекіту туралы»...










