Квентин Джером Тарантино (ағылш. Quentin Jerome Tarantino; 27 наурыз 1963, Ноксвилл, Теннесси, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинооператор, актер және кинопродюсер. Кинодағы постмодернизмнің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Тарантино 1994 жылы «Қойыртпақ шығармасы» (Pulp Fiction) фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағы» (1994), «Оскар» (1995, 2013), «Алтын глобус» (1995, 2013), «BAFTA» (1995, 2013) және тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. «The Guardian» журналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17 орынға қойды. (толығырақ ...)
Аптаның бірлескен жұмыстары
|
Уикипедияның жаңа мақалаларынан
|